Алматыда Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы әзірленді
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.
Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді. Сондай-ақ аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді. Қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар.