«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚР Ішкі істер министрлігін медициналық маскаларымен қамтамасыз етті
Қорғаныс құралдары қызметкерлерге таратылды. Бұл көлем Ішкі істер министрлігінің жеке құрамының қажеттіліктерін толықтай жапты.
Бұдан өзге «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу шараларына 450 млн теңге бөлді. Қаражат Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әрбір ведомство 150 млн теңгеден алды.