Мемлекет басшысы ойын алаңдарын ашу мәселесін қарастыруды тапсырды
- Категория: Қоғам

Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты жасаған мәлімдемесінде осылай деді. «Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруы тиіс. Әрине, алдымен барлық санитарлық нормалар мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.