Елімізде коронавирустың ағзада бар-жоғын анықтауға тәулігіне 16 мың зерттеу жүргізіледі
Ең алдымен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуымен күресіп жүрген басқа да азаматтар тексеріледі. Сонымен қатар ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер қаралады.
Биылғы мамыр айының соңына дейін зерттеу жұмыстарын тәулігіне 25 мыңға дейін арттыру және Қазақстан бойынша тағы да 30 зертхана ашу көзделген. Басты мақсат – инфекцияның жасырын таралу ошақтарын анықтау.