Хабар телеарнасы

Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

Қоғам тыныштығын сақтауда қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлер «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталып, бірқатар офицерге шен тапсырылды. Карантин басталғалы бері сарбаздар қаланы жаппай зарарсыздандыру жұмыстарына қатысуда. Белсенділері алғысхат алды.

Нұрболат Оралбаев, сарбаз:

- Әскерге келгеніме өкінбеймін. Өз мақсатыма, арманыма жеттім деп ойлаймын. Көптеген дүниені үйрендік. Тәртіп сақтап, уақыттың қадірін түсіндік.