Ұшаққа отыру үшін COVID-19-ға анықтама талап етілмейді
Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов бұл талапты алып тастау туралы шешім шығарды. Бұған дейін қайта жанданатын ішкі рейстерде ұшу талаптары жеңілдетілетіні хабарланған еді. Яғни ұшып келген жолаушылар арасында COVID-19 белгілерінің бар-жоғын тексеретін арнайы мониторинг жүргізіледі. 1-10 мамыр аралығында ұшқан жолаушылар, әуежай қызметкерлері және әуе кемесіндегі экипаж мүшелеріне жіті тексеріліп, мониторинг жүргізілген. Олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы табылған жоқ.
Сәдуақас Байғабылов, көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
- Әлеуметтік қашықтық, сауалнама жүргізу, маскалық режим сияқты санитарлық-карантиндік талаптар, байланыссыз термометрия және басқалары күшінде қалады. Температурасы жоғары немесе ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда, олар әуежай ғимаратына және әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Аталған авиажолаушылар карантинде отырып оқшауланады.