Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін халықаралық мерекемен құттықтады
Бұл күнді әлемдік деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, атаулы күн ресми түрде белгіленді. Дәл қазіргі шартарапты шарпыған індет кезінде медбикелердің рөлі бұрынғыдан да арта түскені анық. Бүгінде отандық медицина саласында 155 мыңнан астам мейірбике қызмет етеді. Денсаулық сақтау министрі медбикелерді осы мерекемен онлайн құттықтап, тікелей эпидемиологиялық ошақтарда жұмыс істеп жүрген мамандарға алғысын білдірді.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Барлықтарыңызға мың да бір рахмет! Тек қана жақсылық болсын. Еліміз тыныш болсын. Бала-шағаларымыз аман болсын. Бар қиындықтан бірге өтеміз. Тек керегі – зор денсаулық пен ауызбіршілік.