Хабар телеарнасы

18 мамырдан бастап кейбір мешіттер қайта ашылады

Бірақ әдеттегідей жамағат болып, топтасып баруға болмайды. Бірақ мұсылман қауымының жеке құлшылық жасауына, Құран оқытып, неке қидыруына рұқсат. Оның өзінде белгілі талаптар сақталуы тиіс.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Дүйсенбі, 18 мамыр деп елестетіңіз. Мешітке келген әр адамда міндетті түрде қолғап және бетперде болуы тиіс. Бірінші ескеруіміз тиіс, мешітке жеке құлшылыққа келген әр адамда міндетті түрде медициналық қолғап және бетперде болу керек. Міне, ол туралы арнайы ескерту кіреберіс есікке ілініп қойылған. Сондай-ақ антисептикалық құралдарды пайдалану қажет.

Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы:

- Ескеру керек талаптардың бірі, мына жерде арнайы, жекеленген намаз оқу үшін орындар белгіленген. Адамдар отыратын орындар белгіленген. Арақашықтық 1,5 метр болады. Құран оқытуға келушілер мына жақта отырады. Әр топта он адамнан артық болмайды. Мына орында дін қызметкері, имам отырады.

Мешітке келетін адам саны ғимараттың жалпы пайдалы ауданының 30% аспау керек. Әр адам ішке кірген соң 15 минуттан артық бөгелмеуі, арақашықтық кемі 1,5 метр болуы және мешітте қол алыспауы керек. Намазды жеке-жек оқисыз.

Нұрлан Рамазанов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы:

- Әр 3 сағат сайын намаз оқитын залда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Мешіттерде ауа алмасу үшін барлық есік пен терезелерді ашып қоямыз. Мешітке кіргеннен кейін әйел адамдар оң жақ есіктен, ер адамдар сол жақ есіктен шығады. Неке бөлмесінде екі жас пен куәгерлерден басқа адамдар болмауы тиіс.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Мүфтият «өзімізге қамқорлық – өзгелерге қамқорлық» екенін естен шығармауға шықырады. Ал жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімі алдағы уақытта қосымша хабарланады. Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар жас балалар намазды үйлерінде оқығаны абзал.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Айдос Меделбеков