Ел ішінде екінші рет 42500 тг ала алмай қалғандарға төлем қайта беріледі
Олардың өтініштері қайта қаралмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ірі кәсіпорын қызметкерлері үшін жұмыс беруші өтініш қалдырса, жеке кәсіпкерлер мен бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер және жеке практикамен айналысатындар, сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтіндер өз бетінше тапсыра алады. Бұл үшін төтенше жағдай кезінде табыссыз қалғанын растайтын құжаттар және мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларацияны өткізу қажет. 42500 теңге жәрдемақыны тағайындауға қатысты соңғы шешімді қалалық немесе аудандық штаб шығарады. Айта кетейік, өтініштер биыл 1 желтоқсанға дейін қабылданады.
Бауыржан Бейсенбаев, ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы:
- 11 мамырға дейін өтініш бергендер болса, олардың аппеляция арқылы қайта алуға мүмкіндігі бар. 2 айдың ішінде өтінім бергендер ала алмайды. Аудандық және қалалық штабтың шешімімен келіспегендер қалалық штабқа беруіне болады. 1 желтоқсанға дейін шешім шығарылады.