Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынады
Қала әкімдігі осындай ескерту жасады. Санитарлық ереже жалпыға ортақ. Бірақ қала тұрғындары сақтық шараларын ұстана ма?
«Бетпердені тағып жүру міндетті» деген қатаң ескертуді тұрғындардың бірі естісі, кейбірі мүлдем елемейтін көрінеді. Өйткені автобусқа отырығандар арасында масканы таққаны, да тақпағаны бар. Ал көлік жүргізушілері: «Басшылық тапсырмасын ұстанамыз», – дейді.
Қалада карантин тәртібі жайлап жеңілдетілуде. Кешеден бері төрт мыңнан астам мекеме жұмысын бастады. Мыңдаған адам жұмысына қайта оралды. Бірақ коронавириус жұқтыру дерегі бәсеңсіген жоқ. Автобуста ауру жұқтырып алу қаупі жоғары екенін тұрғындар естен шығармауы керек. Ал бетпердесіз отырғандарға айыппұл арқалату ерте деп санайтындар да бар.
Алмас Садуақас, тілші:
- Әрине, бетпердені тағу-тақпау әркімнің өз еркінде. Алайда барлығына ортақ санитарлық талап бар. Маскаңыз міндетті түрде болу керек. Ал автобусқа маскасыз мінсеңіз, 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.
Шағын, орта және ірі бизнес санатына кіретін мекеменің немесе кәсіпорынның басшылары бетперде тағу тәртібін қадағаламаса, әкімшілік жауапқа тартылады. 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Сондықтан базар, ірі сауда-саттық кешендері, банк пен дәмханаға барсаңыз да маскаңызды ұмытпағаныңыз абзал.
Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон