Алматылықтар мобильді орталықтың жұмысына шағым айтты
Мұнда жұмыссыздар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар тегін тексеріле алады. Зертханада күніне бір мың сараптама жасауға мүмкіндік бар. «Қажеттілік туындағанда оны бес мыңға дейін арттыруға болады», –дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Бұл зертхана халық игілігіне жұмыс істесе жақсы ғой. Өйткені елордада маусымның 5-і күні ПТР тест тапсыратын мобильді пункт ашылған болатын. Жергілікті әкімдік бастапқы кезде мұнда күніне 200-ге дейін сынама алынады деген еді. Бірақ халық наразылық танытып, мамандар тек 100-ге дейін ғана тест алып жатқандығын әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Сынамалар не себепті тапшы?
Жергілікті билік жарнамалап тұрып ашқан мобильдік орталыққа халық наразылығынан кейін біз де бардық. Әрине, жасырын камерамен. Келген беттің өзінде наразы тұрғын кезікті.
Халық естімеген ереже – алдын ала ешкім жазыла алмауы. Кезекті бұл жерге келген соң аласыз. Демек, әлеуметтік қашықтықты да сақтау қиын, адамдардың бір орында көп шоғырлануының да алдын алу мүмкін емес.
Жергілікті әкімдік бұл мобильді пунктті ашқан күні сынама 3-4 минуттың ішінде алынады деген еді. Шынымен солай шығар. Өйткені біз келген уақытта күн астында кезекте тұрған көп адамды көрмедік. Тек темір тұлпар иелері ғана. Ал бұл пункт жұмысын бастап, шамамен 1,5 сағат өткен кез еді.
Мән-жайды №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли түсіндіруге тырысты. Бұл мобильдік пункт осы емдеу мекемесіне қарайды екен.
Иван Ли, №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері:
- Бұл пункт ашылған күні шынымен де күніне 200 сынама алынады деп айтылды. Дегенмен бұл мобильді қосын халықтың кең сұраныса ие болды. Бұған өзіміз де таң қалдық. Ал біздің зертханалардың қуаттылығы көп көлемдегі материалдарды сараптамадан өткізе алмайды. Ауруханаға келетіндерді де қарау керек. Сол себепті мобильді пункттегі сынамаларды 90-ға дейін қысқарттық.
Алынатын сынама ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақыты да қысқарыпты. Егер пункт ашылған күні мамандар таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істесе, енді таңғы 10:00-ден кешкі 16:00-ге дейін. Келушілердің көптігіне байланысты 90 деп бекітілген лимит жылдам толатын секілді. Өйткені тұрғындар өзге зертханаларға баруға мәжбүр. Ал елордада тест жасайтын алты зертхана бар екен.
Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:
- Қазіргі таңда қаладағы алты лабораториядан күніне 4,5 мың тест өткіземіз.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі:
- Егер ең басында біз 500-600 тест жасайтын болса, қазір бес мыңға дейін жеттік.
Риат Шони, тілші:
- Әкім айтқан бес мың сынама елордадағы өзге пунктерде алынатын секілді. Өйткені мына тұрған анализ алу пунктінде күніне небәрі 90 сынама ғана алынады. Бұл жалпы есептің небәрі 1,8% ғана.
Авторлары: Риат Шони, Жандос Сұлтанғазы