Тұмау мен коронавирустың белгілері өте ұқсас
Нақты диагнозды тек тест арқылы анықтауға болады. Дәрігерлер аурудың алғашқы белгісі байқалысымен сынама тапсыруға кеңес беріп отыр. Өздігінен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Әйтпесе бар-жоғы 5 күн ішінде өкпе қабынып, науқастың жағдайы тым нашарлап кетуі әбден мүмкін. «Ол кезде кеш болады», – дейді. Бүгінде елде симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асты. 126 адам көз жұмды. Тек соңғы тәуліктің өзінде 1 400-дей жан індетті жұқтырып алған.
Жұмабек Бекенов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының департамент директоры:
- Соңғы кезде өмірлік маңызы бар мекемелерді іске қостық. Өкінішке қарай, соңғы тіркеліп жатқан ауру көздері де саралап қарағанда осы жерлерден тіркеліп жатыр. Жалпы халыққа айтатынымыз, адамдардың жиылған жерінен қашық тұру, міндетті түрде маска кию керек. Үйден шыққаннан үйге кіргенше міндетті түрде маска киіп, оны ауыстырып тұруды әдетке айналдыру керек.