Елордада жедел жәрдемді аптасына 28 мың рет шақыртатын болды
Қазір ем алып жатқан науқастар саны 2,5 мыңға жетті. Оның 91% жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Ал 9% халі мүшкіл. Бұл жөнінде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Айтуынша, қазір қаладағы жедел жәрдем қызметінің де жүктемесі бірнеше есеге артқан. Аптасына 28 мың өтініш келіп түседі. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш тіпті 4,5 мыңға дейін жеткен. Осыған байланысты алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында және аумақтық емханаларда қосымша жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданды.