Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% дейін төмендеді
«Бұл елдегі жұмыссыздар санының 17,8% құрайды», – деп хабарлады finprom.kz.
Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,8% қысқарды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% дейін азайды (бір жыл бұрын 3,9%). Жұмыссыздардың көп бөлігі республиканың халық тығыз қоныстанған аймақтарында тұрады.
Сонымен 15-28 жас аралығындағы жастардың басым бөлігі Алматыда (15,7 мың адам), Алматы облысында (7,7 мың адам) және Түркістан облысында (6,4 мың адам) жұмыс іздеуде.
Өз кезегінде 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2020 жылдың І тоқсанында 2 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2,1 млн адам) салыстырғанда 3,2% қысқарды. Әсіресе Жамбыл (−22,4%), Шығыс Қазақстан (−13,9%) және Ақтөбе (−11,3%) облыстарында азайған.
Жалпы жұмыспен қамтылған жастардың ең көп саны Алматы облысында: 247,7 мың адам. Сонымен қатар алғашқы үштікке Алматы (245,8 мың адам) және Түркістан облысы (175,5 мың адам) енді. Жұмыспен қамтылған жастардың көп бөлігі сауда (365,9 мың адам немесе жалпы санның 18,1%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (241,9 мың адам немесе 12%) және білім беру (232,7 мың адам немесе 11,5%) сияқты салаларда белсенді жұмыс істейді.
Жұмыспен қамтылған жастар саны бойынша ТОП-5 салаға құрылыс (148,3 мың адам), мемлекеттік басқару және қорғаныс, сонымен қатар міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (136,2 мың адам) кірді.