Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады
«Ал екінші тележоба – «әл-Фараби» телеарнасы. «Хабар» Агенттігінің құрамына қосылатын бұл телеарна оқу жылының басында ашылады. Ол білім беруге арналған жаңа телевизиялық платформа болмақ. Оның аудиториясы 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер болады. Мұндай телеарнаның қажеттілігі әсіресе пандемия кезінде туындады», – деді министр.
Сонымен бірге халықтың шынайы ақпарат алуы үшін мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы ашылады.
«Биыл мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік БАҚ бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл – ақпараттар ағыны өте көп кезде халықтың шынайы ақпарат алуы үшін жасалған маңызды қадам», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру онлайн-кездесуінде.