Жамбыл облысында қар жауды
Табиғи құбылыс Меркі ауылынан 80 шақырым жерде Қырғыз елімен шекаралас аумақта тіркелген. Ақ ұлпа 2 мың метр биіктікте тауда орналасқан Әулиекөл елді мекенінің тұрғындарын біраз әбігерге түсірді. Синоптиктердің мәліметінше ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендеп кеткен.
Мамандар оны солтүстіктен арктикалық суық ауа массаларының келуімен байланыстырып отыр. Айтуларынша, бұл таулы аймаққа қалыпты жағдай көрінеді. Ал жақын күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтілуде.