Қарағанды облысында кәсіпорын басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды
Оған іс жүзінде орындалмаған автокөлік жолын жөндеу жұмысына төлем ретінде алаяқтық жолмен мемлекет бюджетінен қаражат алғаны себеп болған. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 5,8 млн теңгені құрайды. Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қойылып, құрылыс және жол жөндеу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығынан 7 жылға айырылды.