+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ЖОО, мектептер мен балабақшалар меданықтаманы уақытша талап етпейді

  • Категория: Қоғам
ЖОО, мектептер мен балабақшалар меданықтаманы уақытша талап етпейді

Қазақстанда білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамасыз-ақ шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Медициналық анықтаманы алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтаманы уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен ЖОО-ларға) құжаттарды медициналық анықтамасыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

eGov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады. Медициналық анықтаманы оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...