5G интернет желісі адам ағзасы мен иммунитетіне әсер ете ме?
Алексей Цой қазақстандықтарды ақпарат көздеріне мұқият болуға және ресми деректерге сенуге шақырды. Бұл туралы ол елордада өткен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі брифинг кезінде айтты.
«Қазір адамдар әртүрлі ақпарат таратып жүр және әркім әртүрлі нұсқаны ойлап табуға тырысады. Мұнда біз ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз. Адамдар емдедің түрлі әдіс-тәсілдерін ұсынып жатыр. Әрине, біз бұл тәсілдерді зерттеп жатырмыз. Бірақ мен барлық азаматтардан ақпарат көздеріне мұқият қарауды сұраймын, өйткені қажетсіз толқулар мен дүрбелең дәл әлеуметтік желілерден пайда болады, онда тексерілмеген ақпараттар көп болады. Сондықтан біз қазақстандықтарды ресми ақпарат көздерін, Денсаулық сақтау министрлігінің сайтын, ОКҚ сайтын, мемлекеттік органдардың әртүрлі ресми дереккөзін пайдалануға шақырамыз», – деді Цой брифингте.