ҚР ДСМ елімізде пневмонияның белгісіз түрі таралғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. ДДСҰ АХЖ-10 халықаралық аурулардың жіктемесін, оның ішінде пневмония үшін кодтар енгізгенін атап өткен жөн.
ҚР ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан осыған байланысты әлемнің басқа елдері сияқты осындай пневмонияны есепке алу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізуде, бұл сырқаттанушылықты және коронавирустық инфекцияның таралуын тұрақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
9 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой елдегі пневмония жұқтырғандар саны туралы айтты, жалпы алғанда бактериялық, вирусты түрлері, соның ішінде АХЖ-10 жіктемесіне сәйкес вирусты пневмония, этиологиясы анықталмаған пневмония бар екенін атап өтті.