СҚ-Фармация және МӘМС басқарма төрағалары қызметінен босатылды
Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі Telegram каналында хабарлады.
«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және ҚР Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Б.Ш.Шәріп қызметінен босатылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы А.Н.Жұмағұлов қызметінен босатылды» делінген хабарламада.