Бірнеше өңірде аптап ыстық болады
Түркістан облысының батысында 14 шілде күні күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 14-15 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 14-15 шілдеде таңертең және күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 14 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. 14-15 шілдеде шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.
14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 41 градус қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 14 шілде күні найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
14 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Жезқазған қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 14-16 шілде күндері күндіз Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай қаласында 14-16 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.
14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай, 38-41 градус қатты ыстық сақталады.
14-15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болады.
Атырау облысында кей жерлерде түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.