Елордада коронавируспен күресіп жатқан мамандарға ескерткіш бой көтереді
Мамыр айында мүсіншілер арасында байқау жарияланған болатын. Оған елордалық мүсінші Ербол Зиябеков те қатысты. Ол өз туындысы арқылы қауіпті аймақта аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс білдіруді жөн көрген. Елордалық мүсінші Ербол Зиябеков 10 жылдан астам уақыт қолөнермен айналысады. Кейіпкеріміздің Қазақстан бойынша 10 ескерткіші бой көтерген. Қазір мүсіншілер үздік эскиздік жоба байқауында өз бағын сынап көрмек. Мүсінші коронавируспен күресте алғы шепте жүрген жауынгерлерге еңселі ескерткіш орнатуды көздеп отыр. «Оның биіктігі 10 метр болады», – дейді.
Ербол Зиябеков, мүсінші:
– Конкурстың талабы: жұмыс коронавирус жайлы болуы тиіс. Коронавируспен волонтерлер, дәрігерлер, операторлар, журналист, дезинфекторлар да күресіп жатыр. Төбесінде біздің әлем. Індет бүкіл әлемді жайлағаннан кейін үстіне жер шарын бейнеледік.