Хабар телеарнасы

Сауд Арабиясы қажылықтың жаңа маусымына дайын екенін мәлімдеді

 Qazhylyqtyn zhana mausymy

«Бұл туралы қажылық қауіпсіздігі күштерінің қолбасшысы Заед аль-Тувайлан мәлімдеді», – деп хабарлады Синьхуа. Биыл Сауд Арабиясына 160 елдің азаматтары барады деп күтілуде.

«Бұл коронавирустық инфекциядан қажыларды сақтау үшін шұғыл шаралар қабылданған ерекше маусым болады», – деді ол. Корольдікте 250 920 коронавирус жағдайы тіркелген. Індеттен 2486 адам көз жұмды.