Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытында қатынайтын әуе рейстері көбейді
«Qazaq Air» әуе компаниясы ішкі туристік бағыттар бойынша сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады», – делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында. Бір бағыт бойынша билеттің бағасы – 16 000 тг.
«SCAT» әуе компаниясының аптасына 7 рет қатынайтын рейсіне қосымша «Qazaq Air» компаниясының 4 рейсін орындауға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 11 ұшақ қатынайды. «Qazaq Air» әуе қатынасы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері мына кесте бойынша орындалады:
- Нұр-Сұлтан (07:20) – Үшарал (09:20);
- Үшарал (10:00) – Нұр-Сұлтан (12:15).
Бұған дейін Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.