Хабар телеарнасы

Қостанайлық агрофирма оттегі баллондарымен тегін жабдықтауды өз мойнына алды

Qostanay

Мысалы, өткен аптада өңірде 3 мыңнан аса адамның пневмонияға шалдыққаны анықталған. Бұл одан бұрыңғы осындай кезеңмен салыстырғанда 48% көп. Қазіргі кезде ауруханаларды өкпені жасанды желдеткіш аппаратымен, оттегі баллонымен қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Бұл іске бизнес өкілдері де барынша атсалысып жатыр. Мысалы, қостанайлық агрофирмалардың бірі бүгіннен бастап бірнеше аудандық ауруханаларды оттегі баллондарымен тегін жабдықтауды өз мойнына алды. Кәсіпорын оттегі өндірісін еселеп арттырмақ. Сонымен қатар демеушілер 40 млн теңгеге тыныс алу жолдарын емдейтін арнайы құрал-жабдықтар сатып алып, облыстық ауруханаға табыс етті.

Айдарбек Ходжаназаров, агрохолдингтің бас директоры:

– Біздің мекемеде бүгінгі күнде 360 баллон шығарылады. 360 баллон бүкіл облысты қамтиды. Біздің ойымызша, Қостанай облысында оттегі баллондарымен ешқандай қиыншылық болмайды. Құралдар туралы айтып кетсек, біздің мекеме жалпы саны 30 оттегілік құрал жіберді.