Хабар телеарнасы

Қазақстанның барлық аймағында дәріні қымбатқа сату анықталды

Dari-darmek

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты рейд барысында осынша тауар анықталды. Полиция қызметкерлері соңғы апталарда жаппай тексеріс жүргізіп, 500-ге жуық адамды ұстаған. Оның ішінде 284-і – медицина саласының мамандары. Олар препараттарды арзан бағамен сатып алып, нарықтық бағадан қымбатқа саудалауды әдетке айналдырыпты. 21 күн ішінде осындай 604 жағдай анықталды. Антсыз саудагерлер әлеуметтік желілерде хабарландыру беріп, жеке сайттарға ақпарат салып, лицензиясыз жасырын дәріханалар ашып, сондай-ақ қолданыстағы дәріханалық пунктерде бағаны заңсыз көтереді екен.