Дезинфекция аллергия тудыруы мүмкін
Сондықтан дезинфекция жұмыстарын адам жоқ жерде және арнайы қорғаныш құралдарын киіп жүргізу керек. Дұрыс жүргізілмеген дезинфекцияның салдарынан адам мұрыны иіс сезбей, аллергиялық реакция пайда болады. Бірақ дәм сезу жоғалмағандықтан, мұны коронавирустық инфекциямен шатастырып алмау да маңызды. Сондай-ақ вирустық және бактериалдық пневмонияның ара жігін ажыратып алудың ерекшелігі туралы айтылды. Себебі вирустық пневмония жағдайында адам өкпесінің қабынғанын сезбей де қалуы мүмкін.
Абзал Малбасқанов, Фтизиопульмонология орталығы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:
– Одан адам аман-есен жазылып шығады, бірақ әлемдік және өзіміздің дәрігерлердің зерттеуі бойынша көп жағдайларда қатты зақымданған жерлерде фиброз болады. Фиброз дегеніміз – тыртықтану. Бірақ емделіп шыққан адамдарда дем жетіспеушілігін байқап жатқан жоқпыз.