Хабар телеарнасы

Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады

Mekke

Осы жолы ұйымдастырушылар шараға ерекше дайындалды. Оған коронавирус пандемиясы себеп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аурудың алдын алу үшін жұмысшылар құлшылық ететін орындардың барлығын бірнеше рет зарарсыздандырып шықты.

Естеріңізге салайық, биыл жаһанды жайлаған індеттің таралуына байланысты қажылық рәсімдеріне қатысушылардың санын 1000-ға дейін шектелді. Олардың 70% Корольдікте тұратын шетел азаматтары болмақ. Қажылық сапарға келген әр адам міндетті түрде коронавирусты анықтайтын тест тапсыру керек.