COVID-19. Отандық вакцина сынақтан сәтті өтуде
Өте қысқа уақыт ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, яғни 9 мамырда ғалымдар алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған вакцина ретінде тіркеді. Сол күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды: тышқандар, егеуқұйрықтар, гвинея шошқалары, қояндарға сынақ жүргізілді.
Бүгінгі таңда нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы регламенттеген барлық параметр бойынша, атап айтқанда, уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.