Өскеменде емдеудің аймақтық алгоритмі нәтижесін беріп жатыр
Одан соң 2 апта бойы аудан-қалаларды аралап, провизорлық және инфекциялық стационар дәрігерлерімен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан мен Ресейдің білікті мамандары өзара бірілесе отырып індетпен күресудің аймақтық алгоритмін жасады. Ол бойынша ауру белгісі бар науқастарды емдемес бұрын бірден компьютерлік томографияға түсіру жөнінде шешімге келді. Нәтижесінде медициналық мекемелердің жүктемесін анықтауға мүмкіндік туды.
Марсель Миннулин, Татарстан Республикасы ДСМ клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
– Шығыс Қазақстан облысындағы госпиталь ретінде құрылған нысандардың өте жақсы жабдықталғанына куә болдық. Тіпті кейбір тұстарынан өзіміз де тәжірибе жинадық. Әсіресе аудандық орталық ауруханаларда жасақталған провизорлық госпиталдерге таңғалдық.
Науқастарды емдеудегі аймақтық алгоритім бойынша кеңестер жазылған кітапшалар әрбір дәрігерге таратылды.
Даниал Ахметов, облыс әкімі:
– Енді менде қалай емдеудің толық нұсқасы мен есебі бар деуге болады. Осыдан қарапайым ғана емдеудің жолдарын жасап, әрбір бас дәрігерге береміз. Сол бойынша нұсқау беретін боламыз.
Дәрігерлердің пікірінше, індетпен күресу бойынша жан-жақты зерттеліп қабылданған тәсіл соңғы екі аптада өз нәтижесін беріп жатыр. Оған дәлел тек кешелі бері аймақтағы стационарлардан 103 науқас құлан-таза сауығып шықты.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин