Аптап ыстыққа байланысты жеті аймақта ескерту жарияланды
Күндіз басым бөлігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: Күндіз 2 тамызда оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с, 34-36 градус қатты ыстық.
Күндіз 2 тамызда, 3 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 2-3 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 2 тамыз күндіз жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 2 тамыз күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі.
2 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 2 тамызда найзағай, түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
2 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 2 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 2 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.
2 тамызда Ақмола облысының күндіз 31-36 градус қатты ыстық күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.