Қостанай облысында 5 мың гектар жердегі егіс күйіп кетті
Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5 маусымынан елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгірмегенге ұқсайды. Облыс бойынша небәрі 4 шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан. Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін олар 10 млн тг-ге жуық сақтандыру ақысын алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары көп.
Дина Хамзина, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:
– Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден, бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден, сақтандыру жарнасының жартысын мемлекет өтейді. Егер 1 мың гектар егін алқабы толық күйіп кетсе, 30 мың тг нормативпен 14 млн 500 мың тг сақтандыру төлемін алады.