Түркістан облысында оттегі концентраторлары тәркіленді
«1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator» және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады. Бұл жабдықтар пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде қолданылады», – делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша АЕК тіркеліп, ҚПК 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша МКД жіберілді.