Хабар телеарнасы

Қазақстанның қай өңірлерінде коронавирус жағдайы тұрақталды

COVID 19

«Осы уақытқа дейін 92 662 коронавирус жағдайы тіркелді. Олардың 67% астамы жазылып шықты. Соңғы тәулікте 672 науқас сауықты. Осындай жақсы көрсеткіштер көбейіп келеді. Жағдай Батыс Қазақстанда, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарында және елордада жақсарып келеді. Осылайша, Қазақстанда коронавируспен ауыру жағдайы тұрақталды деп толық сеніммен айта аламыз. Аурудың шарықтау шегі өтті», – деді министр ОКҚ брифингінде.