Карантинде табысынан айырылған 2,2 млн-нан астам қазақстандық төлем алды
Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды. Оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:
– 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.