ШҚО-да алып көпір құрылысы басталмақ
Қазақстандағы ең үлкен нысан салынса, елдің ең шығысындағы 6 аграрлық ауданда көлік-логистика мәселесі шешіледі. Қатонқарағай мен Алтай ауданына барып-келу жолы 500 шақырымға қысқарады. Ал көпірдің жалпы ұзындығы 1300 метр, ені 9 метрге жуық болады. Экономикалық ерекше маңызы бар бұл көпірді салу жөнінде өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаржы бөлуді тапсырған. Осыдан соң бірден жобасы жасалып, көпірді салуға 30 млрд теңге қажет екені нақтыланған. Ал алып нысанды салуға Жапония, Түркия және Қытай мемлекеттерінің құрылыс компаниялары ынта танытып отыр.
Нұрбек Тұраров, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
– Өткен жылы жобаны бастау үшін республикалық бдюжеттен 5 миллиард теңге бөлу жөнінде өтінім бергеміз. Ал облыстық қазынадан 500 млн тг бөлінді. Қазір осы бөлінген қаржымен жұмыс бастау үшін конкурс басталды.