Хабар телеарнасы

Көбейтұз көлінің суында улы химиялық заттар бар екені анықталды

Kobeituz

42 физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде зиянды заттардың бары анықталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазгидромет» мамандары Көбейтұз көліндегі судан, шөгінділерден және жағалаудағы топырақтан сынамалар алды. Онда кадмий, марганец, мыс, мышьяк, никель, қорғасын, хром мөлшері анықталған. Жағалаудағы топырақта да аталған элементтердің қосындылары бар болып шықты.

«Көбейтұзда улы химиялық заттардың шоғырлануын ескере отырып, тиісті мемлекеттік органдар арнайы зерттеулер жүргізіуі тиіс», – дейді Экология министрлігінің өкілдері.