«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Противостояние» телесериал жарыққа шығады
Ең бастысы туынды нағыз өмірде болған оқиға желісімен түсірілген. Мәселен сюжетке Сириядағы жағдай түрткі болады. Шиеленіскен махаббат пен қылмыстық оқиғаларды суреттеген көріністер, көрерменді бейжай қалдырмасы анық.
Шиеленіске толы оқиға. Басты рөлдегі Әсет пен Қорлан лаңкестерге қарсы арнайы операцияға қатысады. Олар Сирияға баруы керек болатын. Алайда арнайы топ мінген ұшақ Иран мен Ирактың шекарасында жарылып, қыз аман қалады. Құрбысының кеңесімен Сирияда қалған Қорлан құпия агент болып, аса қауіпті террористерді жою туралы арнайы бөлімнің тапсырмасын орындайды.
Мәдина Әлімхан, қоюшы-режиссер:
- Өткен жылы біздің арнайы қызмет төрт рет «Жусан» операциясын жүргізіп, қашып кеткен отандастарымызды қайтарды. Біз фильмде еліміздің арнайы қызметінің жұмысын және мемлекетіміздің өз азаматтарын сыртта қалдырмайтынын, қаншылықты қорғайтынын көрсеткіміз келді. Фильмдегі оқиғалар басқаларға сабақ болса дейміз.
Халифаттың көрінісін жасау үшін қоюшы суретшілерге көп тер төгуге тура келіпті. Кейіпкерлер шынайы шығу үшін актерлер де тыңғылықты дайындалған.
Бекен Нарбай, қоюшы-суретші:
- Осы жерде әскери жаттығу өткіземіз. Бұл жерде көп нәрсе қаңырап қалған. Біз оны тірілтіп, жаңартып жатырмыз. Көптен бері соғыс болып жатқан сияқты қайтадан рестоврация жасап жатырмыз.
Әйгерім Қайратқызы, актриса:
- Бұл сериал Қазақстаннан Сирияға сатып жіберген, сатылып кеткен Фатима деген қыз жайлы. Бұл рөл үшін көптеген фильм көрдім. Сирияға барып келген қыздардың тағдырын зерттеп, сұхбаттарын қарадым. Енді бұл рөлім әрбір актрисаның арманы болатын рөл деп айтсам, артық айтқаным емес.
Сирияға барып, адасқан жандардың түрлі тағдырын сипаттайтын фильм елімізде алғаш рет түсіріліп отыр. Шынайы оқиғаларға негізделген телехикая «Хабар» телеарнасының жаңа маусымында көрермен назарына ұсынылады.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбай