2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% көтеріледі
«Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», – деді Президент. Білім берудегі қордаланған проблемаларды атаған Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы ұстаздардың жалақысын арттыруды міндеттеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25% көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді.