Junior Eurovision 2020 Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталды
Кеше өткен Ұлттық іріктеуде 12 финалистің есімі белгілі болды. Қатысушыларға 700 мыңнан астам адам дауыс берген. Енді еліміздің үздік композиторлары финалистерге арнап ән жазады. Жас өрендер жаңа туындыларын 26 қыркүйекте «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқайды.
Ал Ұлттық іріктеудің жеңімпазы қазылар алқасы мен қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. Оқ бойы озып шыққан өнерпаз 29 қарашада Польшада өтетін халықаралық додада ел намысын қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға біздің жас өрендеріміз осымен үшінші рет қатысып жатыр. Бұған дейін Данэлия Тулешова мен Ержан Максим байрақты бәсекеде бақ сынаған еді. Ал «Хабар» Агенттігі еліміздегі жас таланттардың белін буып, үлкен сахналарда ән шырқауына мүмкіндік жасап отыр. Жоба туралы қосымша ақпаратты jevision.khabar.kz ресми сайтынан білуге болады.