Ақмола облысында 677 отбасы квота күтіп отыр
Президенттің Жолдауда айтқан жағымды жаңалығы оларға үміт сыйлап отыр. Себебі келесі жылдан бастап бөлінетін квота жеті есеге дейін көбейеді. Былтыр облыста 37, биыл 45 отбасы ғана квота алған. Әйелдердің мәселесімен айналысып жүрген қоғам белсенділері болса, «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылмас бұрын, саладағы түйткілді мәселелерді шешу қажет дейді. Мәселен, ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру алдында бір жыл бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Ал осы уақыт аралағында жасалатын түрлі сараптама өте қымбат. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын да күшейту керек. Айта кетейік, экстракорпоралды ұрықтандыру қызметімен елімізде көбіне жекеменшік клиникалар айналысады. Ал оның құны 1 млн-нан 3 млн теңгеге дейін жетеді. Сондықтан мемлекеттің қолдауы ауадай қажет.
Анаргүл Мұхамедрахымова, «Асыл аналар» ҚБ құрылтайшысы:
- Гормоналды терапия Қазақстанда өте қымбат. Осы экстракорпоралды ұрықтандыру алдында әйелдерге жеңілдік жасаса дейміз. Дәрігерлер қазірден бастап сол ақпаратты түсіндіргені дұрыс.