Оралда педофилден зардап шегуші тарап апелляциялық шағым түсірді
Естеріңізге сала кетейік, «педофилдік әрекет жасады» деп айыпталған 21 жастағы тұрғынға 2,5 жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. 12 жасар қызбен болған жыныстық қатынас үшін тамыздың 20-сы күні алқабилер соты осындай үкім шығарған. Яғни ол қылмыстық кодекстің 122-бабы, 1-бөліміне сәйкес «16 жасқа толлмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» бойынша жауапқа тартылды. Бастапқыда ол зорлау бойынша айыпталған. Бірақ айыпталушының адвокаты «зардап шегушіге қатысты ешқандай күш қолдану, қоқан-лоқы мен психологиялық қысым жасау болған жоқ, жыныстық қатынас оның еркінен тыс болды деген факт дәлелденген жоқ» деген пікірде. Ал зардап шегуші тараптың адвокаты «алқабилердің қатысуымен болған соттың істі қарауы кезінде қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптары сақталмады» деген ұстанымда. Облыстық прокуратура да алқабилер үкіміне наразылық білдірді.