Junior Eurovision 2020 ән байқауының ақтық сыны онлайн форматта өтетін болды
Енді финалға жолдама алған әр қатысушы өз еліндегі студияда ән шырқайды. Одақ мүшелері сахнаны біркелкі әрлеуге келісті. Биылғы байқауда 13 елдің өнерпазы бақ сынайды. Олардың қатарында Армения, Беларусь, Франция, Грузия, Мальта, Нидерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша, Германия және Қазақстанның жас өрендері бар. Әзірше біздің елдің намысын кім қорғайтыны белгісіз. Айта кетейік, халықаралық конкурстың финалы 29 қарашада өтеді.