Жолдау аясында 75 мың кәсіпкер салық төлеуден босатылды
Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты. Төтенше жағдай және күшейтілген карантин кезінде қаладағы ірі сауда нысандарының иелері 36 мыңнан астам адамнан жалдау ақысын алмаған болса, қазір көптеген базар мен сауда ойын-сауық орталығы жалдау құнын 20-30% төмендетіп отыр. Енді Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік нысандарды жалға алып отырған 1100-ден астам кәсіпкер жыл соңына дейін төлемнен босатылды. Жалпы кәсіпкерлікті қолдау аясында «Бизнестің жол картасы 2025» және қалалық «Almaty Business 2025» бағдарламаларына өзгерістер енгізілді.
Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы:
- Жалпы алғанда карантин кезеңінің ішінде сомасы 23,5 млрд теңгені құрайтын 75 мың кәсіпкер салық төлемдерінен босатылған болатын. Сомасы 127,3 млрд теңгені құрайтын 160 мың қарыз оның ішінде шағын және орта бизнеске берілген 72 млрд теңгені құрайтын 2889 қарыз бойынша төлемдер кейінге ұзартылды.