Ақмола облысында 1,5 млн гектар жер игерілмей жатыр
Бұл мәселе дөңгелек үстелге арқау болды. Жиынға прокурорлар, кәсіпкерлер палатасы мен жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты. Кәсіпкерлердің айтуынша, қазір көп жер ірі компаниялардың уысында. «Олардың кейбіреуі оны банкке кепілдікке қойып, тиімді пайдаланбай отыр. Жайылым жерлер де тапшы. Сондықтан заңға тиісті өзгертулер енгізілуі керек», – дейді партия өкілдері.
Мұрат Молдахметов, ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы, ҚКХП мүшесі:
- Зеренді ауданында 33 мың гектар себеді екен. Оның биыл 18 мыңын ғана сеуіп, ал қалған жерлер себілмей қалды. Шет мемлекеттерде қанша жер беруге болатыны туралы мөлшерлемесі бар. Мәселен, Голландияда 10 мыңнан артық беруге болмайды.