ҚКХП азық-түлік бағасына қатысты мәселені талқыға салды
Бұған кәсіпкерлердің ашкөздігімен қоса, жүйенің әлсіздігі себеп. Атап айтқанда, қосалқы шаруа қожалықтарының өнімін әлі күнге дейін сауда орындарына толық жеткізе алмай отырмыз. Салдарынан олардың қолында өнімнің белгілі бөлігі бүлініп кетеді. Ал қалалық жерде өнім тапшылығы туындап, баға көтерілуде. Осылай деген партия мүшелері ұжымдық меншік жүйесін қайта құру қажет деген ұсыныс айтты.
Юрий Кобка, экономика магистрі, ҚКХП мүшесі:
- Қосалқы шаруа қожалықтары экономикадан, нарықтан алатын үлесінен мүлдем тыс қалып отыр. Олардың өнімі қажетінше сатылымға толық шықпаған соң дүкенде тауар, өндіріс орындарында шикізат жетпейді. Міне, содан баға көтеріліп, инфляция болуда. Кооперация құрылса, осының бәрі бір жүйеге келеді.