Ақмола облысындағы тоғыз ауданда құс тұмауы тарады
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Ветеринария басқармасы берген соңғы мәлімет бойынша, Ақкөл, Сандықтау және Целиноград аудандарында құс тұмауы анықталды. Осылайша барлығы тоғыз ауданда індет расталып отыр. Қазіргі таңда тек Жарқайың, Астрахан, Бұланды аудандарында карантин жарияланған. Қалғандарына қаулы дайындалып жатыр. Жалпы Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарына қарағанда жағдай қалыпты деуге болады. Бұл туралы ветеринария басқақармасынан сұхбат жазып алдық.
Талғат Жүнісов, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта құс тұмауы бойынша жағдай тұрақты деп айта аламын. Неге десеңіз, кешегі күнге құс тұмауынан 1132 бас өлсе, бүгінгі жағдайда 1139 бас қырылды. Мал дәрігерлері вакцинациялау жұмысын он күнде аяқтайды деп ойлаймын.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Жұқпалы ауруды одан әрі таратпау үшін екпе егу шарасы жүргізіліп жатыр. Қазір 174 мың вакцина салынған. Сонымен қатар Жақсы, Есіл, Шортанды, Біржан сал аудандары мен Степногорск қаласында да құстар өлген. Онда өлекселерден қан алынып, Нұр-Сұлтан қаласына сараптамалық зертханаға жіберілді.