Маңғыстау облысында жасырын той жасағандар жазаланды
Қалалық мониторингтік топ рейд кезінде бас санитардың қаулысын орындамаған үш той мен мейрамхана иелерін анықтады. Полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай тойға келушілердің саны 70 адамнан асып кеткен. Онымен қоса маска тақпай, арақашықтықты да сақтамаған. Той дереу тоқтатылып, қонақтар үйлеріне қайтарылды. Ал екінші мейрамхананың иесі мониторингтік топтың ескертуіне құлақ та аспады. Есікті іштен кілттеп алып, тойды тоқтатпастан өткізген. Бас санитар дәрігердің қаулысын бұзған кәсіпкерлерге 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.