Күдігі көп күзгі аңшылықты құқық қорғау органдары қалай қадағалайды?
Бір ғана Көкпекті ауданындағы Қоянды орман шаруашлығында 500 текше метр жердің ағашы кесілген. «ҚазАвиаОрманКүзеті» мамандары кезекті рейд кезінде дәл сол аумақтан ағашты заңсыз кесіп, екі ауыр жүк көлігіне тиеп жатқан бір топ браконьердің үстінен түсті. Ал Қатонқарағай ауданындағы тау өзенінде балық аулап жүрген бір азаматтың көлігінен құжатсыз әскери қару мен оқ тәркіленген.
Күз бен көктемде шығыстағы әр өзен-көлдің жағасы мен тоғайдың сағасында бір аңшыдан жүреді. Көбі ең соңғы үлгідегі моторлы қайық және жол талғамайтын көлік мінеді. Табиғат қорғау инспекторларының қарасы көрінген бойда ізін шалдырмай кетеді. Дегенмен соңғы бір аптада заңсыз аң аулауға қатысты 20 іс қозғалды.
Жақсылық Социалов, табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:
- Оның ішінде 16-сына аң аулау, ал 14-іне балық аулау кезінде заң бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Тек аң мен балық емес, орманды да отайтындар аз емес. Сондықтан әсіресе күз кезінде әуеден бақылаудың пайдасы зор. Бұл жолы инспекторлар Көкпекті ауданындағы Қоянды орман шаруашылығында жас ағашты арнайы құралмен кесіп, екі көлікке тиеп жатқан бір топ адамның үстінен түсті. Көлік иелерінің қолында тек ағашты тасымалдайтын рұқсат қағазы бар.
Көзге көрінгені екі жүк көлігі болғанымен, инспекторлар аз дегенде 500 шаршы метр жердің орманы оталғанын айтады. Ол аспаннан шолғанда анық көрініп тұр. Орманның ортасын ойып тастаған браконьерлерге қатысты хаттама толтырылды.
Автокөлікке автоматты салып алып, Қотанқарағайға келіп балық аулап жүрген бұл – Семейдің тұрғындары. Олардың көлігін қарау кезінде еш құжатсыз әскери қару мен оқпантайы толы оқ шықты. Инспекторлар қаруды тәркіледі. Ал саят құрып, сайран салып балық аулап жүрген бұл азаматтар қаруды қайдан алғанын айтпады.
Владимир Санаров, «ҚазАвиаОрманҚорғау» РМК инспекторы:
- Қарапайым азаматтардың қандай көлік мініп және қандай қару жарақ ұстап жүргеніне куә болдыңыздар. Ал суда ең соңғы үлгідегі маторлы қайықпен жүзеді. Сондықтан құқық қорғау органдары үнемі оларға жете алмай жүреміз. Ал тікұшақ барлық жерге бірдей қона бермейді. Дегенмен 1990 жылдар мен 2000 жылдарға қарағанда жаппай заң бұзу анағұрлым азайды.
Инспекторлар күзгі аңшылық маусымы кезінде рейд пен әуеден бақылауға апта сайын шығады. Қалың қар түскенге дейін 1100 сағат аспаннан шолу жасайды.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин